Қарақия ауданы Жетібай ауылындағы ХҚКО тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудандық штабтың шешімімен орталықтың жұмысы уақытша тоқтатылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Аудан көлемінде «COVID-19» өршуіне байланысты жергілікті билік осындай шешім қабылдаған. Жетібай ауылындағы ХҚКО-да тек дайын құжаттарды алып кетуге арналған бір терезе жұмыс істейді.
Жұмыс уақыты 09:00-дан кешкі 17:00-ге дейін, ал сенбі күні сағат 09:00-ден түскі 14:00-ге дейін.