Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан Атырауға қатынайтын жолдың Доссор кентіне дейінгі бөлігі жабылды. Құлсарыдан Доссорға дейінгі жол аралығында көлік қозғалысы тоқтатылған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты kazinform.kz сілтеме жасап.
«Атырау облысының аумағындағы республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 103 шақырымының маңын су басты. Бұл – Құлсары қаласынан 20 шақырымдағы тұс. Сол себептен, Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан МАқат ауданындағы Доссор кенті аралығындағы жолда көлік қозғалысы толықтай тоқтатылды. Жол қалыпқа келгенге дейін бұл бағытта жолға шықпау қажет», - деп хабарлады Атырау ПД-нің баспасөз қызметі.
Көлік қозғалысы тоқтатылған жол бөлігінде патрульдік полиция қызметкерлері түсіндіру жүргізіп жүр.
Еске салайық, бұдан бұрын Жылыой ауданында Жем өзенінің суы 2 метр 53 см-ге көтерілгенін жазған едік. Құлсары қаласындағы көпір уақытша жабылды. Сондай-ақ Атырау облысының тағы бір ауданында төтенше жағдай жарияланған еді.