«Қазақстантеміржолы» АҚ іске қосатын пилоттық жоба шеңберінде төменгі орындардағы билет құны 20 пайызға қымбаттайды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ коммерциялық пойыз вагондарында жоғарғы және төменгі орындарға жол жүру құнына сараланған тәсілді енгізеді.
Өзгерістер 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа еніп, 2023 жылдың 28 ақпанына дейін келесі бағыттар бойынша поездарда іске асырылатын болады:
№ 111/112 "Алматы – Маңғыстау";
№ 51/52 "Алматы – Орал";
№ 105/106 "Алматы-Петропавл";
№ 71/72 "Астана-Шымкент ";
№ 29/30 "Алматы-Атырау".
Тасымалдаушының хабарлауынша, жоба вагондағы орындарды біркелкі бөлу, сондай-ақ жолаушылардың төменгі орындарға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылып жатыр.