Қараша айында бес кәсіби мереке атап өтіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
5 қарашада Қазақстанда сыртқы барлау күні атап өтіледі. Бұл 2009 жылы құрылған Қазақстан Республикасының Сыртқы барлау қызметінің ("Сырбар") кәсіби мерекесі.
Үш күннен кейін, яғни 8 қарашада статистика саласының мамандары кәсіби мерекесін атап өтеді.
11 қараша – елімізде «Халықаралық энергия үнемдеу күні». Мерекенің негізгі мақсаты-билік пен жұртшылықтың назарын ресурстарды ұтымды пайдалану мен жаңартылатын энергия көздерін дамытуға аудару.
15 қараша - «Ұлттық валюта – теңге күні». Бұл сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.
20 қарашада ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің кәсіби мерекесі тойланады. ҚР ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні қарашаның әр үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
Ал 23 қарашада Қазақстан Республикасының Жол полициясы күні атап өтіледі.
Естеріңізге сала кетейік,20 қарашада еліміздің саяси өмірінде маңызды оқиға –ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.