Түрмелерге бейне бақылау енгізу басталады. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Түрмелер мен ғимараттарға бейне бақылау енгізуді бастаймыз. Қазір біз олардың санын және техникалық жағдайын есептеуге кірістік», - деді министр Үкімет отырысында.
Бұдан бөлек Е. Тұрғымбаев сыбайлас жемқорлық бойынша Ішкі істер министрлігі қабылдап жатқан шаралар туралы айтты. Агенттік және азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп, үшжақты жоспар жасалды. Жалпы, соңғы 3 жылда сыбайлас жемқорлық қылмыстар саны 33 пайызға қысқарды.
«Министрлік Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларын орындау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды», - деді министр.