Қасым-Жомарт Тоқаев Роза Рымбаеваны қабылдады
[ 2019 ] 13 желтоқсан, 07:15 | Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваны қабылдады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап. Кездесу барысында ел мәдениетін дамыту мәселесі талқыланды. Роза Рымбаева Қазақстан Президентіне өзінің шығармашылық қызметінің 45 жылдығына орай еліміздің барлық аймағында жеке концертін ұйымдастыру жайындағы жоспарын айтты. Сонымен қатар әнші талантты жас музыканттарды қолдауға бағытталған мәдени орталық ашу туралы ойымен бөлісті. Қасым-Жомарт Тоқаев Роза Рымбаеваны «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алуымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.
478
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.