Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Қарақия ауданына жұмыс сапарымен барды. Қарақия - Маңғыстау облысының оңтүстік бөлігінде орналасқан аудан. Оның батысы Каспий теңізінің жағалауымен шектеледі. Әкімшілік орталығы Құрық ауылында орналасқан. 2000 жылдың басында серпін пайда болып, бүгінде Құрықта порт салынып, порттың айналасында жаңа өндірістік нысандар ашылды. Болашақта Құрық порты жүк тасымалдайтын маңызды жүйе болмақ. Өңір басшысы Ералы Тоғжанов Қарақия ауданына іссапарын аудан орталығы Құрық ауылында ашылған көлік жөндеу және техникалық қызмет көрсету орталығынан бастады. Аймақтағы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Нұр Капитал» аймақтық жобасы арқылы 1 пайызбен 12 миллион теңге несие алған жеке кәсіпкер "К.К.Теміртасов" жүргізетін бұл орталық көлікті жөндеу, техникалық қызмет көрсету, көлік жуу сияқты қызметтер көрсетеді. 12 адамды жұмыспен қамтып отырған. Айта кетерлігі, ауданда «Нұр капитал» бағдарламасы аясында құны 384 млн. теңге болатын 26 жоба мақұлданып, қазір 32 млн теңгеге 3 жоба екінші деңгейлі банктен қолдау тапқан. Одан соң жұмыс тобы ауданның 45 жылдығы аясында демеуші көмегімен салынған жүз балаға арналған спорт залмен және мәдениет үйінде орналасқан көрмеге қойылған жергілікті кәсіпкерлердің өнімдерімен танысты. Көрмеден кейін Қарақия ауданының әкімі Қыдырберді Бековтің 2018 жылы жасалған жұмыстары туралы халық алдындағы есебі тындалды. Аудан басшысы Кыдырберді Бековтың мәліметі бойынша, бүгінде ауданда 37600 адам тұрады. Жаңадан 2978 жұмыс орны ашылып, оның 88 пайызы немесе 2624 тұрақты жұмыс орны болып тұр. Жұмыспен қамту ұйымдары арқылы 2018 жылы 1269 адам тұрақты жұмысқа орналасып, 69 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберіліп, 82 адам жастар практикасымен уақытша жұмысқа қабылданып, 203 қоғамдық жұмысқа қоғамдық жұмысқа тартылған. «Әлеуметтік сала бойынша былтыр аз қамтамасыз етілген 150 отбасының 736 адамына 35 млн. теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек берілді. 1260 көп балалы ана мемлекеттік жәрдемақы алады. Оған бір жылда 159 млн. теңге қаражат бөлінді», - деп атап өтті Қ. Беков. Білім беру саласы бойынша 2018 жылы 3,7 млрд теңге қаржы бөлінді. Салада 937 педагог маман жұмыс жасайды, оның 560-ы жаңартылған білім мазмұны курсынан өтті. Жаңа оқу жылында 37 жас маман жұмысқа орналасты. Аудандағы 17 мектепте 9348 оқушы білім алуда. Жетібай ауылында 3 ауысымды оқуды болдырмау мақсатында биыл 600 орындық мектеп салу жоспарланып отыр. Ауданда 20 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, оның 15-і мемлекеттік, 2-уі жекеменшік, 3-уі мектеп жанындағы шағын орталық. Барлығында 2001 бала тәрбиеленуде. 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамтылуы 99,7%-ға жетті. 2019 жылы балаларды балабақшамен қамту 100%-ға жеткізілмек. «Ауданда 2 орталық аурухана, 2 емхана, 5 дәрігерлік амбулатория, 3 медпункт бар. Оларда 71 дәрігер, 329 мейірбике қызмет етеді. 2018 жылы ауданның емдеу және сауықтыру орындарына 7 жас маман жұмысқа орналасқан. Енді 5 дәрігер маман қажет», - деді аудан әкімі. Былтыр Құрық ауылында спорт зал, Жетібай, Мұнайшы және Құрық ауылдарында 1 ашық футбол ойын алаңы, 3 воркаут, 3 балалар ойын алаңы салынып, халық игілігіне берілді. Содай-ақ Сенек ауылында спорт зал құрылысы басталған. Былтыр ауданда 1 триллион 084 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілген, бұл облыстағы өнеркәсіп көлемінің 36,8 пайызы. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2018 жылы 146 млрд. 918 млн. теңгеге жеткен. Кездесу соңында Ералы Тоғжанов аудан басшысының қызметіне оң бағалап, бірқатар тапсырмалар берді. Іссапар соңында өңір басшысы Сенек ауылына барып, ауыл тұрғындарымен кездесті. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="72288,72289,72290"]