Ақтаулықтар әкімдік пен тұрғын үй инспекциясы бөліміне ПИК-тердің жұмысына қатысты 377 арыз-шағым түсірген. Бұл - жыл бойы келіп түскен шағымның көлемі. Тұрғындар өз арызында ПИК-тердің жұмысына салғырт қарап, тіпті оны мүлдем орындамайды деп жазған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. ПИК-терге қатысты түскен шағымды және олардың тұрғындарынан алатын жарнасына зер салып көрсек. Ең көп арыз-шағым 5 шағынауданда қызмет көрсететін «ШАНС» ПИТК қарасты үйлерден түскен. Олар әкімдікке 23 шағым түсірген. Пәтер иелерінің тұтыну кооперативі тұрғындарынан алатын жарнасы 1м2-қа 47,72 теңге болып отыр. 17 шағынауданда қызмет көрсететін «MCGprojects» ЖШС үйлерінен түскен шағым - 4. Бірақ тұрғындары 1м2-қа 85, 24 теңге коммуналдық жарна төлейді екен. Сонымен қатар жеке кәсіпкер «Тида» қызмет көрсететін үйлердің тұрғындары 1м2-қа коммуналдық қызметке төлейтін жарнасы - 102 теңге. Бұл - ПИК-тердің тұрғындардан алатын жарналарының ішіндегі ең қымбаты. «Кулдасбаев» қызмет көрсететін 15 шағынаудандағы үйлерінің тұрғындарына коммуналдық қызмет көрсеткені үшін 1м2-қа 100 теңге алады екен. Ал әкімдікке жолданған арыз саны - 4. Айта кетелік, қарашада облыс әкімі Ералы Тоғжанов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне арнап жиын өткізген болатын. Оның айтуынша, халықтан тарифтердің күрт өсуі бойынша көптеген шағымдар келіп түсуде, басты міндеті – аталған мәселенің шешу жолдарын қарастыру деген еді.
Ақкенже БЕРКЕНОВА Сурет сайт архивінен