29-30 қыркүйек күндері Ақтау қаласында Киокушинкай-кан каратэден балалар арасында Халықаралық турнир өтті. Жарысқа 220-ға жуық спортшы қатысты.
Жыл сайын өткізілетін Caspian Golden Cup-2018 турниріне (Каспиялық Алтын Кубок-2018) 10-нан астам елдің спортшылары қатысып үлгерген. Ал биылғы сайысқа Украина, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан өкілдері келді.
Маңғыстау облысының намысын 100-ден астам каратэші қорғады. Сайысқа қатысушылардың ең кішісі 6 жаста.
Нәтижесінде Бөкеева Лейла, Талипова Самира, Қуантай Анет, Амангелді Нұрдәулет, Сақтаған Қарақат, Бейсенов Нұрмұхамед, Лукьянчиков Максим, Ашифина Милана, Орынбасаров Ерлан, Әсет Ғасырбек, Демеуов Саламат, Жылқыайдарұлы Бақытжан турнирдің жеңімпаздары атанды.
Командалық есепте Маңғыстау облысы – 1 орын, Шығыс Қазақстан облысы – 2 орын, Алматы облысы – 3 орын иеленді.
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="62567,62566,62565,62564,62562,62561,62560,62559"]