• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 6 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Маңғыстау облысының әкімі қазақ-өзбек шекарасы аумағында арнайы бажсыз сауд...

Туған өлке тарихын толғаған

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    Дәрігер: «Ата-ана баласын невропатологқа қаратудан ұялмауы тиіс»

    [ 2018 ] 19 қыркүйек, 07:28  |  Жаңалықтар

    Бүгінде неврология - медицинадағы күрделі саланың бірі. Ал невропатология – жүйке жүйесі ауруларының себебі мен механизмін анықтайтын, емдеп әрі аурудан сақтану әдістерін көрсететін ғылым. Жүйке жүйесі ауруларының деңгейі, баланың дұрыс жетіліп, қалыптасуында қандай мәселелерге назар аудару керектігін білу үшін «Денсаулық» медицина орталығының балалар неврологы Гулжамал Иманчаевамен сұқбаттасқан едік.

    - Сәлеметсіз бе, Гүлжамал Әбішқызы, алдымен баланың дамуындағы басты кезеңдерге тоқталып өтсеңіз. Неврологиялық аурулар қайдан пайда болады?

    - Бүгінде балалардың көпшілігінде неврологиялық ауру кездеседі. Бұрын невролог мамандар аз болғандықтан мұндай ауруларға көңіл бөлінбеген шығар, ал қазір оны анықтайтын невропатолог маман жеткілікті.

    Баланың денсаулығына ол іште, анасының құрсағында жатқан кезде барлық нәрсе әсер етеді. Егер анасында қаназдық, ісік, басқа да ауру болса, ол өсіп келе жатқан сәбиге кері әсерін тигізеді. Неврологиялық аурулар көбіне баланың миына оттегі жетпегендіктен болады. Оттегі жетіспеушілігінен сәби іште жатқанда қысылса, немесе келіншек ауыр босанса, суы ерте кетіп қалса, кіндігі оратылып қалса, балаға оттегі жетпей гипоксия пайда болады. Мұндай жағдай көп кездеседі. Бірақ оның салдары бірден білінбейді.

    Сондықтан қалыпты дамуын бақылау үшін әрбір үш ай сайын 1 айлық, 3 айлық, 9 айлық, 1 жастағы сәбиді невропатолог қарап отырады. Егер сол кезде қандай да бір ауытқу анықталса, ауруды уақытында емдеуге болады. Егер балаңыз ешқандай дауысқа, қозғалысқа белгі бермесе, тек ішіп-жеп жата берсе, миы қатып кетпей тұрып уақытында емдеу керек.

    Мәселен, 1 айлық бөбектің туа біткен рефлекстеріне назар аударамыз. Баланың тұруына, көзқарасына, Бомбинский, Переза, Калантэ әдістеріне көбірек көңіл бөлеміз. Одан соң баланы 3 айлығында қараймыз. Бұл кезде ол басын ұстай алуы тиіс. Кейбір балалар басын екі айында ұстайды. Баланы көтеріп, тік тұрғызғанда аяғын жерге тіреуі керек. Көзі жан-жаққа жақсы қарау керек. Шақырғанда, сөйлегенде жауап белгісі ретінде дыбыс беруі тиіс. Гуілдеп, күлуі қажет.

    Одан соң баланы 6 айлығында шақыртамыз. Бұл кезде ол өзі аунауы, ойыншық ұстауы, қолына түскен нәрсені аузына салып, күлуі керек. Аяқ-қолының қозғалысы симметриялы болуын бақылаймыз, аяғындағы сызықтарға да мән береміз.

    Содан соң бір жаста шақырамыз. Ал егер денсаулығында қандай да бір ақау болса баланы 9 айында да тексертуге келу керектігін ескертеміз.

    - Ғылымда сәби алты айда бауырын көтеріп, бір жаста жүру керек деген қатып қалған ұғым бар ма?

    - Иә. «7 ай болды, 8 ай болды менің балам отырмайды» деп келетін аналар бар. Бала 6 айында отырып, 9 айында жүріп кететін машина емес. Бөбек 6-9 ай аралығында отыруы, 9 ай мен 1 жас 3 айға дейін жүріп кетуі тиіс. Бір жаста жүрмесе де қорқынышты емес. Бірақ баланың неге жүрмей жатқанын міндетті түрде анықтау керек. Диагноз баланың өзін-өзі ұстауына, ауру белгілеріне қарап қойылады. Бәрі бірдей емделіп кетпейді, себебі көбінің миы қатайып кетеді.

    - Баланың еңбегі қай уақытта қатуы керек?

    - Еңбегі ерте қатаятын балалар болады. Кейбір баланың еңбегі туа бітті кішкентай болады. Тұқымында, алдыңғы балаларда болатын жағдай. Бірақ еңбегі кішкентай баланың миы қысылуы мүмкін. Негізі баланың еңбегі бір жаста қатаюы қажет. 1-1,5жасқа дейін еңбегі қатып болмайтын балалар да бар. Сол үшін баланы 2-3 айында УДЗ-ге түсіріп, суы аз-көптігін, ми бөлшектерінің көлемі нормаға сай екендігін анықтап отырамыз.

    - Қазақ балаларында «қой ауру» деген ауру бар. Медицинада мұндай ауру бар ма? «Қой ауруды» маңдайын тиынмен сыздыртып емдеп жатады, бұл қаншалықты дұрыс?

    - Қой ауруы медицинада «рахит» деп аталады. Бірақ оны қазақи еммен емдеу дұрыс емес. Рахит бөбекті далаға шығармағандықтан, кальций жетіспегеннен пайда болады. Сәбиді таза ауаға алып шығып, серуендеу керек. Сонда күн сәулесі арқылы ағзаға Д3 дәрумені беріледі. Д3 дәрумені – сүйектің қатаюына, қой ауруға шалдықпауына көп көмегін тигізеді. Таза ауада демалу арқылы балада гипоксия (оттегі жеткіліксіздігі) болмайды. Баланы тек күн жылы кезде ғана емес, күз, қыс айларында да далаға шығарған жөн. Алғашында 10-15 минуттан бастап серуендеу уақытын 1 сағатқа дейін көбейту керек.

    Күзге қарай күн сәулесі аз түскендіктен Д3 дәруменін қосымша беріп бастаймыз. Өйткені барлық дәруменді тағам арқылы алу мүмкін емес. Экологиялық таза тағам аз болғандықтан, күз түсіп, күн суыта бастаса балаға дәрумендер мен минералдарды қосымша береміз,

    Баланы дүниеге келген кезден дұрыс тамақтандыруды әдетке айналдыру керек. Тәтті сусындардан, кәмпиттер мен чипсилардан бас тартқан жөн. Олардың құрамында қоспалар, бояғыштар өте көп. Оның орнына жаңа піскен жемістерден табиғи шырын, ал кепкен жеміс-жидектен сусын қайнатып берген абзал.

    - Баланың өсіп-жетілуінде ана мен әкенің рөлі қандай?

    - Ата-ана дүниеге сәби алып келместен бұрын оны жоспарлауы керек. Болашақ аналарға айтарым – жүкті болмастан бұрын күйеуімен бірге дәрігерге қаралып, цитомегаловирус, герпес сынды аурулардың бар-жоқтығын анықтауы тиіс. Мүмкіндігінше, әр баланың арасына 3 жыл салған жөн. Осы кезде ананың ағзасы қайта қалпына келіп, жүктілік кезінде кеткен минералдар тұрақталады.

    Жүктілік кезінде болашақ ана дұрыс тамақтанып, таза ауада көп демалып, фолий қышқылын ішуі керек. Сонда ғана дені сау бала туылады. Егер осы талаптарды орындамаса, бала гипоксиямен туылып, мидың қысылуынан түрлі ауру пайда болуы мүмкін.

    Ал анасы тамақ пісіріп жатқанда, әкесі баланы далаға алып шықса болады. Соның өзінен бала мен әке арасындағы қарым-қатынас күшейе береді. Өйткені бала өз әкесінен үлгі алып өседі.

    - Логопедке барған баланы бірінші неврологқа жібереді екен. Мұның мәнісі неде?

    - Баланың сөйлеп кетуі мидың жұмысына байланысты. Мидың алдыңғы жағында тілдің жұмысына жауап беретін орталық бар. Бізге оттегі жетіспейтін балалар жиі келеді. Баланың тілінде кемістігі байқалса, ол бала логопедке жүгінеді. Логопед маманы балаға әр түрлі сабақтар өткізіп, логомассаж жасайды. Егер тіліндегі жүгеншігі қысқа болса, қидырып, тез арада көмек бере аламыз. Невропатолог баланың миын оттегі беретін ноотроптық преапараттармен дамытады.

    - Тілі анық шығу үшін ата-анаға қандай кеңес айтасыз?

    - Баланы құндақтап жатқызып қоймай, алғашқы күнінен бастап сөйлесу керек. Екі айында сәбидің адамға көзі түсіп, гуілдеп жауап беріп, күле бастайды. Бұл – жақсы нышан. Ешқандай белгі бермейтін балалар болады. Мұндайда бірден дәрігерге қаратып, невропатологтың есебіне қою керек. Бағана айтқанымдай, әр үш ай сайын, әсіресе, 3-6 ай кезінде невропатологқа уақытында бару керек. Егер 3 айында емделсе, ми жасушалары жылдам қалпына келеді. Сондай-ақ невропатолог 6-7 айлық болып шала туылған бөбектің динамикасын 1 жасқа дейін бақылап, емдейді. Кейде ата-ана дер кезінде емделмеген баланы мектепке барар кезде невропатологқа әкеліп жатады, бірақ ол кезде кеш, өйткені бала өзінің қатарынан кем болады. Сондықтан ата-ана баласын невропатологқа қаратудан ұялмауы тиіс, өйткені ертең бәрі кеш болуы мүмкін.

    - Қазір көп балада ашуланшақтық, ызақорлық бар. Қолыма телефон алып отыра берсем дейді, осыған пікіріңіз?

     - Қазіргі балалардың көбі кішкентай күнінен ұялы телефон, планшет ұстайды. Көп балада гаджетке деген тәуелділік пайда болып жатыр. Соған қарап бала көз жанарын құртады, екіншіден нерв жүйесі бұзылады. Телефонды, планшетты ұстауға болмайды десе, олар жылап, айқайлап, жерді теуіп неврозға ұшырап жатыр. Сондықтан кішкентай балаларға көп бермеу керек. Егер гаджетті әу баста бермей үйретсе бала соған үйренеді. Ал бала жылап, сізді қорқытып алатын болса, онда сізге жақсы болмайды. Көп қарағандықтан көзі көрмей қалып жатыр, тәуелділік болғандықтан ашуланшақтық көбейген. Гаджеттердің әсерінен мидағы байланыс бұзылады, айналадағы өмірге қарамай, гаджеттерге кіріп кетеді де, айналамызды басқаша қабылдайды. Телефонды сәл үлкендеу балаға бергенде, ары кетсе 20 минутқа ғана ұстауға рұқсат ету керек. Гаджеттердің тағы бір зияны одан микротолқынды тоқтар өтеді де, электромагниттік радиация адамның нерв жүйесіне қатты әсер етеді.

     - Кей кезде баланы жұмсасаң бармайды, себептері неде деп ойлайсыз?

     - Психологиялық тұрғыдан отбасында бір-екі бала болса, оларды артық қозғап, жұмсағысы келмейді. Нәтижесінде олар тіл алмай өседі. Мұндай балаларды психологтармен бірге қарау керек. Оттегі жеткіліксіздігі, ми қысылуымен туылған балаларда өзгерістер көп болады. Сондықтан бір айынан бастап невропатологқа көрініп, уақытында ем қабылдап тұру керек. Отбасында да баланың айтқанын жасай бермеу керек. Бала 5-7 жасқа келгенде үйдегі жұмысқа араластырып үйрету жөн. Баланың өз үйінде аз да болса жауапты жұмысы болған жөн. Егер орнымен жұмсап үйретсек, бала тіліңді алатын болады, және ол да соған бейімделеді.

    - Сұқбатыңызға көп рахмет!

    Сұқбаттасқан Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ

    24121
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар сұхбат денсаулық анонс
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Маңғыстауда емханаға тіркелу науқаны басталды

    Келесі жаңалық

    Бейнеулік колледждер 8,9 млн теңге шәкіртақыны төлемей қойған

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Дәрігер: «Ата-ана баласын невропатологқа қаратудан ұялмауы тиіс»

      [ 2018 ] 19 қыркүйек, 07:28
      24122

      Дәрігер: "Бедеулік мәселесімен тек бір адам ғана күреспеуі керек"

      [ 2019 ] 4 маусым, 11:25
      2498

      Сары аурудан сақтанудың жолдарын білесіз бе?

      [ 2018 ] 10 тамыз, 11:47
      1792

      Екпе не үшін керек?

      [ 2018 ] 6 тамыз, 05:28
      2619

      Жедел жәрдем бір сағатта жетсе, таң қалмаңыз

      [ 2017 ] 21 тамыз, 06:37
      1726

      АИТВ-ның алдын алуға болады

      [ 2019 ] 14 желтоқсан, 06:25
      2722

      Рубрикалар

        Маңғыстау жаңалықтарыРедакция газеттеріМұнайлыАуыл өміріҚұқықЖарнамаДенсаулықСаясатАшық қоғамӘдебиет

      Автордың басқа да жазбалары

      Нашақорлық – қасірет кілті

      [ 2019 ] 8 сәуір, 06:26
      2638

      Қайырымдылық концерті

      [ 2019 ] 18 наурыз, 09:49
      1931

      Травматолог маман: Дәрігер алдымен психолог болуы керек

      [ 2019 ] 6 наурыз, 10:47
      2799

      «Жұлынқұрт» спектаклі көрермен назарына жаңа құраммен ұсынылды

      [ 2019 ] 5 наурыз, 06:42
      1488

      Қарттар мен мүгедектерге қамқорлық

      [ 2019 ] 26 ақпан, 04:12
      2309

      Назарбаев мектебінде «Берік отбасы» курсы өтті

      [ 2019 ] 21 ақпан, 06:09
      1496

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»