15 қыркүйекте Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталды. Тұрғындарға 15 қарашаға дейін екі ай ішінде емдеу мекемесін ауыстыруға мүмкіндік алады.
Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры Руслан Бектубаев айтты.
- Былтыр тіркеу науқаны барысында 30 мыңнан астам маңғыстаулық емхананы таңдау құқығын пайдаланған болатын. Бұл азаматтардың емхананы еркін таңдау құқығы жайлы да біле бастағанын білдіреді, - дейді Р. Бектубаев.
Биыл Маңғыстау облысында 19 денсаулық сақтау субьектісі алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді. Оның 7-уі жекеменшік медициналық ұйым және 6 мекеме тіркеу науқанына былтыр ғана қосылған. 2017 жылы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға 654 057 адам тіркелген. Оның ішінде жекеменшік клиникаларға – 5 %, яғни 32 666 адам тіркелген. Ал биыл 14 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста 674 087 адам тіркелген, солардың 46 130 жаңа жеке клиникаларға тіркелген.
Биылғы тіркеу науқанына қатысу үшін тағы 4 медициналық ұйым өтініш берген. Оның 3-уі жеке меншік клиника болса, ал 1-уі мемлекеттік медициналық мекеме.
Р. Бектубаевтың айтуынша, тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемі аясында 56 медицина ұйымы қызмет етеді. Былтырмен салыстырғанда саны 10-ға артқан. Айтарлығы – олардың 26-сы жекеменшік.
Азаматтар емханаға үш түрлі жолмен:
Емхана арқылы тіркелу үшін жеке куәлік пен бас дәрігердің атына жазылған өтініш керек. Ал egov.kz порталы арқылы электронды өтінімді толтыруы тиіс, ал тіркеу нәтижесі Жеке кабинетіне келіп түседі. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тіркелу үшін Connection Points бөлімінің қызметін пайдалануға болады.
Айта кетейік, емханалардың тізімін fms.kz сайтындағы «Клиника таңдау» бөлімінен көруге болады.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ