Бүгін Ақтауда Жанар Үрбісінова есімді 4 баланың анасы 1 бөлмелі пәтердің кілтін иеленді. Пәтерді көпбалалы анаға маңғыстаулық меценат сыйлап отыр. Ол өзін құпия сақтауды жөн деп санап, пәтерді табыстауды МО ӨКҚ басшысы Айсұлу Дүтбаеваға тапсырған.
Естеріңізге сала кетейік, бұл меценат құрбан айт мерекесіне орай жетібайлық жалғызбасты, көпбалалы анаға пәтер берген еді.
Айсұлу Дүтбаеваның айтуынша, әйел көшеде қаңғып жүрген. Оның екі баласы мектепке барады, ал кішкентайлары бақшаға бармайды, үйде. Жанар Үрбісінова мен оның жолдасы Асхат Әміров екеуі бала кезінен Атырау облысында жетім болып өскен. Ауыр тағдырына байланысты өз-өздерін тамақтандыруға тырысқан. Үш ұл мен бір қызын асырау үшін Жанар өзге адамдардың үйін тазалап, жайылымдарда түйе сауған. Қазір Асхаттың бір қолына ота жасалып, мүлдем жасамай қалған. Бірақ майда-шүйде жұмыстар жасайды. Бүгінде көшеде қаңғып жүрген отбасы осы күнге дейін қорада тұрып келген. Малды ауылда мал баққан, тіпті ешқандай жылу да, жарық та болмаған үйлерде тұрған. Кешкі астарына қара нан мен қара шайын ішіп жүріпті.
«Біз әбден қиыншылық көрдік, үйіміз жоқ болды. Отынға ағаш жинадық. Адал еңбек еттік. Үй беріп жатқандарыңызға рахмет. Төрт балам да қуанып жатыр. Өте ризамын. Неше жылдан бері үйлі болуды армандадым», - деді көпбалалы ана Жанар Үрбісінова пәтерлі болғанына сене алмай.
Сыйланған пәтер Ақтау қаласы 31 "б" шағынауданнан берілген. Енді меценат бұл отбасыға үй құжаттарын рәсімдеуге көмектесетінін айтты.
Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ