• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 16 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

  • USD: 480.61 ₸
  • EUR: 534.53 ₸
  • RUB: 5.28 ₸

Травматолог маман: Дәрігер алдымен психолог болуы керек

[ 2019 ] 6 наурыз, 10:47  |  Қоғам

©

Бүгінгідей техника ғасыры аталған заманда түрлі жарақат алудың алдыңғы орынға шыққаны белгілі. Мәселен, әлемде жол апатынан болатын жарақаттар жиі кездеседі. Қыс мезгілінде болатын оқыс жағдайлар да бар. Оған қоса абайсызда қол-аяғын сындырып немесе бір жерін кесіп алатын жағдайлар көп кездеседі. Мұндайда қарапайым халық әрдайым ақ халатты абзал жандардың көмегіне жүгінеді. Аурухананың, емхананың күнделікті тынымсыз тыныс-тіршілігі, таңертеңнен ағылып келіп жатқан науқастарға жасайтын ем-домдар, жүктеген ауыртпалықтарға қарамастан, олардың еш сыр бермей, шыдамдылық пен мейірім танытып, жымиып жүретіндігіне қайран қаласың. Осындай жандардың бірі Амангүл Қоңырова дертіне дауа іздеген талай науқастарға қол ұшын созып келеді. Ақтаулықтардың зор алғысына бөленген Амангүл Жолболдықызы 1989 жылы Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. 2007–2014 ж.ж. Ақтөбедегі М.Оспанов атындағы университетті жалпы хирургия мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазіргі таңда осы мамандық бойынша хирург-травматолог болып №2 емханада қызмет атқаруда. Күнделікті маңдай терін төгіп, тә­жірибе жинап ысылып қалған ыж­даһатты да білікті  травматолог ма­ман қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандықтың оңай емес екендігін жасыр­ майды. Әрине, науқас адамдармен жұмыс жа­сау оңай емес. Олардың ішінде ауырып тұрған соң көңіл күйі болмай, тіпті арасында дауыс көтеріп, ұрысып, ашуланатындары да бар. Қашан көрсең де қаралуға келген адам саны сейілмейді. – Ауырып келген адам тек өзі ғана ауы­рып тұрғандай сезінеді. Қабылдауға келген науқас бірінші кіргісі келеді. Сондай кездерде бізге науқаспен жұ­мыс жасағанда психолог болу қажет. Ем алу­шы ашуланып келген бойда ашуын басып, қорқып келсе "бәрі жақсы болады, әлі-­ақ жа­зылып кетесіз" деп басу айтып тыныштандыра білуіміз керек. Олар біздің сөзімізге сенеді. Мәселен, егер "сіз жазыласыз, сіздікі қауіпті емес" деп айтсақ, олар көңілденіп, жазылу­ға бел буады. Ал таңдаған мамандығым­ның жақсы жағына келсек, ауырып келген науқасқа көмектесе алсақ, ол кісі рақметін айтады, егер толығымен айығып кетсе – біз үшін қуанарлық жағдай. Науқастардың әр­ біріне жіті көңіл аударуың керек. Сапалы да адал қызмет жасасаң, ісің өрге басатыны дау­сыз. Жаныма жақын мамандықта мен үшін көпшіліктің алғысына бөлену аса маңызды, – дейді ол. Амангүл Жолболдықызы дәрігер болу­ды 7­-сыныптан бастап армандаған екен. Оның айтуынша, жарақат алып келгендердің арасында көбінесе сынық, шыбықтың таюы, еті ауырып қалуы жиі кездеседі. Екіншіден, буын аурулары, атап айтқанда, артроз, ар­трит, остеохондроз, буындардың қабынуы, кесіп алған, ұрып алған, соғып алған, жырып алған, ит қауып алғандар алдымен травматолог мамандарға жүгінеді. Жалпы сүйек, буын, бұлшық ет, сіңір сияқты жарақаттармен ке­летіндер баршылық. – Біз 15 жастан жоғары азаматтарды қабыл­даймыз. Туғаннан патологиясы бар адам­дар бар. Күніне 25-­30 адамға дейін қараймыз. Ал қыс мезгілінде 45 адамға дейін қабылдаймыз. Қазіргі таңда дәрігерге арнайы «Даму Мед» бағдарламасымен жазылады. Травма­тологияда алдын ала жазылу жағы қиын. Адам қай уақытта не боларын, яғни қашан құлап, қашан жарақат алатынын білмейді. Сондықтан бұл жағынан қиыншылықтар бар. Кешелі-­бүгінді жарақат алып келген адамды дереу қабылдаймыз. Бір жағынан бұл бізге салмақ түсіреді. Барлық ауруды уақытылы емдеп, анықтаған жақсы ғой. Бір жерім ауыр­ды деп біздің қазекең қазақша емге барады. Әрине, қазақы емді жоққа шығармаймыз. Дегенмен жарақаты бар адам бірінші дәрігерге келгені жақсы. Кез келген жарақат травма­тологияда тексеруден өту арқылы анықталады. Мысалға, жарақат алып бірден келетін болса, екі сағаттың ішінде біз тігіп бере аламыз. Біз­ге одан ұзақ уақыттан соң жүгінетін болса, оның нәтижесі төмендеп, яғни жарақат дұрыс бітпей немесе асқынуы мүмкін. Сол үшін жарақаттанғанда бірден дәрігерге кел­гені жөн. Мысалға, сынған кезде дереу келсе, яғни сүйегі сынып, не орнынан ығысқан бол­са, сол мезетте ауырсынуды жеңілдететін дәрі салынып, жағдайы жақсарады. Кейде тіпті орнына түсіп болмайды, ондай жағдайларда отаға жіберіледі, – дейді травматолог Аман­гүл Қоңырова. Осынау нәзік жанды дәрігерлердің емі әр­бір науқастың дертіне шипа болсын, қиын да сауабы мол ақ халатты абзал жандардың еңбегі бағалауға лайық. Қашан көрсең де орнында тапжылмай отырып, келген науқастар­ды кәсіби біліктілігі, өз ісіне шынайы берілгені, адамдарға деген жанашырлығымен баурайтын Амангүлге науқастардың айтар алғысы мол.

Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ

2733
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
қоғам маңғыстау жаңалықтары денсаулық
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Тұрғындарды тұрақты қабылдау – міндет

Келесі жаңалық

Ерекше кәсіп иелері

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Астаналық кардиохирург Ақтау тұрғындарын тегін қабылдайды

    10 тамыз, 12:07
    786

    Маңғыстау облыстық қан орталығы тұрғындарды қан тапсыруға шақырады

    25 шілде, 11:25
    1031

    Астана мен Алматы дәрігерлерінің дәрісі мен кеңес беруі басталды

    23 шілде, 20:35
    519

    Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығына арнайы диагностикалық құрал табыс етілді

    19 шілде, 11:14
    473

    Уақытында дәрігерге қаралу қатерлі ісікке жол бермейді - онкохирург

    18 шілде, 10:32
    406

    Ақтауда дәріхана иелеріне дәрі-дәрмекті тегін таңбалау жүйесі түсіндірілді

    15 шілде, 10:52
    390

    Рубрикалар

      ЖарнамаҚызық дерекМәселеҚарақияСпортТүпқарағанМәдениетРедакцияРедакция ұжымы

    Автордың басқа да жазбалары

    Нашақорлық – қасірет кілті

    [ 2019 ] 8 сәуір, 06:26
    2575

    Қайырымдылық концерті

    [ 2019 ] 18 наурыз, 09:49
    1887

    «Жұлынқұрт» спектаклі көрермен назарына жаңа құраммен ұсынылды

    [ 2019 ] 5 наурыз, 06:42
    1449

    Қарттар мен мүгедектерге қамқорлық

    [ 2019 ] 26 ақпан, 04:12
    2226

    Назарбаев мектебінде «Берік отбасы» курсы өтті

    [ 2019 ] 21 ақпан, 06:09
    1454

    А.Шайхымов: Биыл Ақтауда шахматтан үш маңызды турнир өтеді

    [ 2019 ] 7 ақпан, 11:20
    1540

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»