Еліміздің Батыс өңірі – қара алтынға бай аймақтардың бірі. Бұл мекенде мұнай өндіру ісі бір сәтке де бәсеңдеген емес.
Дегенмен аталған саладағы шешімін таппаған кейбір мәселелерге көз жүгіртіп көрсек. Мәселен мұнайшылардың еңбекақылары тиісті деңгейде төленбей тұрғанын айта кеткен жөн. Осы ретте «ҚазМұнайГаз» ҰК» құрамына кіретін «Маңғыстауэнергомұнай», «Мұнайтелеком», «Oil Services Company», «Oil Construction Company», «Oil Transport Corporation» компаниялары мұнайшылардың жалақысын реттеу мақсатында жаңа бағдарламаны қолға алды. Бұл – қазіргі таңдағы мұнай саласындағы қызметкерлердің әл-ауқатын дұрыстап, тұрмысын жақсартуға бағытталған бағдарлама. Еңбек ұжымының көпшілігі «ҚМГ» ұсынып отырған осы жобаны мақұлдап, тиімділігін тілге тиек етуде. Бағдарламаның күтілетін нәтижесіне зер салсақ:
Біріншіден, табыс әкелмейтін кәсіптің қызметкері ерікті түрде әкімшілікке жүгініп, 5 жыл үшін жалақының 50% мөлшерінде өтемақы алуына болады.
Екіншіден, жұмысшылардың әлеуметтілік деңгейін көтеру, сондай-ақ тұрғын үй жағдайларын жақсарту, несиелерді жабу немесе өзінің жеке бизнесін ашу мүмкіндігі туады.
«5/50» бағдарламасы аясында мұнай-сервис компанияларының басшылығы қызметтің бейінді емес түрлерін жеке секторға шығарып, жұмыстан босатылған персоналды сонда жұмысқа орналастыруда және қажетті шараларды атқаруда. Осы арқылы еліміздің мұнай өндірісіне қарқын қосылады деген сенім бар.
МӘСЕЛЕНІ ҚАЛАЙ ШЕШПЕК КЕРЕК?2017 жылы сәуірде мұнай-сервис компанияларының санын азайту мақсатында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқармасының шешімімен өтемақы төлей отырып тараптардың келісімі бойынша қызметкерлермен еңбек шарттарын мерзімінен бұрын бұзу қағидалары бекітілді.
Ойымызды тарқатсақ шығынды азайту үшін алғашқы қадам – жұмысшылар қатарын азайту. Алайда олардың қолына құжатын ұстатып, сәттілік тілеу деген сөз емес – бұл.
Қасқыр да тоқ, қой да аман қалу үшін «ҚазМұнайГаз»ҰК» «5/50» деп аталатын бағдарлама ұсынған. «5/50» бағдарламасы еңбек шартын мерзімінен бұрын бұзудың орнына қызметкерлерге өтемақы төлеуді қарастырады. Бұл ретте өтемақының мөлшері 5 жылдағы айлық тарифтік мөлшерлеменің 50%-ын құрайды. Бұл орташа есеппен адам басына 8-9 млн теңге.
Жоба бойынша бас-жоқ көз жоқ. «Міне, сізге ақша, аман-жақсы болыңыз» деген ұстаным жоқ. Бұл алдымен мұнайшылармен келісіледі. Оларға осы ұсыныс жасалады. Артынша олардың басқа жұмысқа орналасуына көмектеседі.
Айта кетуіміз керек, аталмыш жоба өз кезегінде отанымызда тұңғыш рет жүзеге асып отыр. Қаламның ұшын қамтығалы жатқан тақырыпқа тіреген бойда ғаламтор мен әлеуметтік жел беттерін бір қайырып шыққан болатынбыз. «5/50» жобасы бойынша жұмысынан босатылған мұнайшылар бұл күнде қаннен-қаперсіз бірі пәтерлі, бірі үйлі-баранды болып жүргенін көріп көз қуанды. «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» қазақты мұңайтпайды деген ой келеді санаңа...
Р. САҒЫНДЫҚОВ