Бүгін, 15 мамыр - халықаралық отбасы күні. Мерейлі күн 1993 жылдан бастап БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес жыл сайын атап өтіледі. Бұл мереке отбасындағы көптеген мәселелерге қоғамның назарын аудартуды көздейді.
Осы орайда елімізде жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіліп жүр. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Айта кетейік, 2024 жылдың 15 мамыр мен 15 маусым аралығында «Мерейлі отбасы-2024» ұлттық конкурсына қатысуға өтінім қабылданады.