Құрметті атақ Қазақстан Республикасының аумағында қоғамдық пайдалы, әлеуметтік, қайырымдылық қызметті (демеушілік, меценаттық, филантропиялық, сондай-ақ кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтерді) жүзеге асыратын қайырымдылық субъектілеріне (қайырымдылық жасаушылар, қайырымдылық ұйымдары және қайырымдылық волонтерлерін) көтермелеуге бағытталған.
Осы орайда, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі қайырымдылық саласында құрметті атақ беруге өтінімдер қабылдайтынын хабарлайды.
Өтінім қабылдау ағымдағы жылдың 1 мамырынан 1 шілдеге дейін мерзімде қайырымдылық саласында құрметті атақ беруге өтінімдерді қабылдау жүргізілетінің хабарлаймыз.
Құрметті атақ беруге өтінімді ҚР МАМ кеңсесі арқылы қолма-қол қағазбен беруге, және электронды түрде (DOC, DOCX, PDF форматындағы CD-дискілерде не USB-флэш-карталарда) жолдауға болады.
Жеңімпаздар Парламент депутаттарының, азаматтық және квазимемлекеттік секторлар, мемлекеттік органдар өкілдері қатысатын конкурстық комиссияның шешімімен анықталатын болады.
Қайырымдылық саласында құрметті атақ беру қағидалары ҚР МАМ интернет ресурсында орналастырылған: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029542