4 тамыз күні Ақтауда К-1 STEP FIGHTERS және аралас жекпе-жектен NFC-15 «Рухы биік көк бөрілер айқасы» атты халықаралық турнирі өтті. Сайысқа 40 спортшы қатысты. Олардың қатарында Әзірбайжан, Қырғызстан елінің спортшылары бар.
NFC-15 «Рухы Биік Көкбөрілер Айқасы» атты халықаралық турнирінің нәтижелері төмендегідей болды:
57 келі салмақ арасындағы Гран-при шайқастарында:
Аслан Өтеғалиев (KAZ-Орал) пен Берік Құтыбаев (KAZ-Маңғыстау) кездесіп, техникалық нокаутпен Аслан Өтеғалиев жеңіске жетті.
Қайрат Жаржанов (KAZ-Ақтөбе) пен Төребек Лепесов (KAZ-Маңғыстау) жекпе-жегінде төрешілер шешімімен Қайрат Жаржанов жеңімпаз атанды.
Альберт Ахмаев (KAZ-Ақтөбе) пен Арман Панчер Салтанатов (KAZ-Маңғыстау) кездесуінде қол ауырту әдісімен ақтөбелік спортшы Альберт Ахмаев жеңіске жетті.
Еламан Төреханов (KAZ-Атырау) пен Руслан «Сүйек» Сариев (KAZ-Маңғыстау) кездесіп, төрешілер шешімімен Руслан Сариев жеңіске жетті.
Халықаралық жекпе-жектер:
57 келіде Рыскулбек Ибраимов (KGZ) пен Тимур Дангаров (KAZ) шаршы алаңғы шықты. Төрешілер шешімімен қырғыстандық спортшы Рыскулбек Ибраимов жеңіске жетті.
62 келіде Елчин Алишанов (AZR) пен Абу Нұрболат (KAZ) жұдырықтасып, қол ауырту әдісімен Абу Нұрболат жеңіске жетті.
Кештің басты жекпе-жегі қарымта жекпе-жек 66 келі салмақта Қаныбек Мұндық Жаныбекуулы (KGZ) мен Руслан Серікболов (KAZ) арасында өтті. Нәтижесінде техникалық нокаутпен қырғыстандық спортшы жеңіске жетті.
Еске сала кетейік, екі ай бұрын бұл спортшылар белдесіп, Руслан Серікболов төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА