Маңғыстау облысында 2-рет Таэквондодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогі өтті. Еліміздің ең үздік спортшылары жиналған бәсекеге облысымыздан 14 таэквондошы қатысты. Олар 2 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль еншіледі.
67 келіде Жақсыбаева Фатима, +80 келіде Рысбаев Дәурен 1 орын, 58 келіде Назарав Мура, 24 келі салмақта Аманжолов Равиль мен Расул Камила 2 орын, Бүркітова Жанерке 49 келіде 3 орын алды.
Сайысты ұйымдастырушы Маңғыстау облыстық таэквондо федерациясы. Шараның ашылу рәсіміне облыстық спорт басқармасы басшысының м.а. Нұрбек Қарабалаев, Қазақстандағы Оңтүстік Корея консулы Те мырза мен Азияның таэквондодан абсолютті чемпионы, профессор Кан Светлана арнайы қатысты. Светлана Кан корей диаспорасы атынан Алғыс хаттарын табыс етті.
-Ақтау қаласының 55 жылдығы қарсаңында 2-5 тамыз аралығында ерлер мен әйелдер арасында таэквондодан ҚР Кубогы өтті. Сайысқа барлық өңірден жаттықтырушылар мен төрешілер келді. Жарыс күндері олардың барлық қажеттілігін облыстық таэквондо федерациясы қамтамасыз етті. Республикамыздан 200-ге жуық спортшы қатысты., - дейді МО Таэквондо федерациясының аға жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі төреші Ғани Ибраимов.
Командалық есепте Түркістан облысы – бірінші, Атырау облысы – екінші, Алматы қаласы – үшінші орын иеленді.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттер Ғани Ибраимовтан алынды
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="59022,59021,59019"]