«Таэквондодан және Пумсе Спорт Түрінен ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогі» Маңғыстау облысында 2 рет ұйымдастырылып отыр.
Онда Қазақстанның 16 өңірінен келген 200-ге жуық спортшы өзара бақ сынайды.
- Бұл шараға Қазақстандағы Оңтүстік Корея консулы Те мырза және Азияның таэквондодан абсолютті чемпионы, профессор Кан Светлана да қатысады. Таэквондо – корей спорты, дегенмен корей ұлттық-мәдени орталығы облысымздағы кез келген спорт түріне қолдау көрсетеді, - дейді жарыс өкілі, Кәріс ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Раиса Маденова.
Бұл жарыста жүлделі орынға ие болған спортшыларға спорттық разрядтар берілмек. Яғни 1-2 орынға ие болған спортшылар Қазақстан Республикасы спорт шебері дәрежесін, 3 орынға ие болған спортшылар ҚР спорт шеберіне үміткер дәрежесін алады.
Сайыс 3-5 тамыз аралығында Ақтаудағы Теннис орталығында өтеді.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА