Бұл туралы Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
3 маусым күні сағат 13:00 шамасында табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері Жетібай-Шетпе тас жолында Nissan Patrol маркалы автокөлікті тоқтатты. Профилактикалық іс-шара кезінде тоқтатылған көлік Ақтау қаласы тұрғынының басқаруында болған. Тексеріс барысында көліктің жүк салғышынан 3 дана қапқа салынған 29 келі аң еті (қарақұйрық пен қоян), 1 дана аңшы мылтығы, 1 дана дүрбі және 1 дана жарық ұлғайтқыш құралы табылып, тәркіленген.
Бұл факт Қарақия аудандық ІІБ-нің сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы бойынша тіркелді. Айта кетейік, бұған дейін киіктерді атып алған броконьерлер туралы факт тіркелген болатын.Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="55415,55413,55412"]