Кеше маңғыстаулықтар теңіз жағасында «Каспий көкжалын» анықтады. Қазақ күресінен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан барысы» республикалық турниріне облыстық іріктеу кезеңі өтті. Оған облыстағы аудан, қалалардан үздік деген екі палуаннан қатысты.
-Барлығы 16 палуан келді, дегенмен ақтаулық бір қатысушының салмағы жеткіліксіз болғандықтан, Маңғыстау ауданының қатысушысы облыс аумағында тұрғылықты тұрғын ретінде тіркелмегендіктен қатыса алмады. Нәтижесінде 14 палуан күресті. Сайыстың басты шарттары - салмағы 90 келіден жоғары, жасы 18-ге толған және ҚР азаматы болуы қажет және Маңғыстау облысының кемінде бір жыл тұрғыны болуы қажет. Былтырғы «Каспий көкжалының» жеңімпазы Нұрдәулет Жарылқапов жартылай финалға шығар кезде ақтаулық Ержанов Күнәлемге есе жіберіп, өкінішке қарай, жүлдеден құр қалды. Финалғы Күнәлем мен Мейрамбек Жаңабай шығып, Мейрамбек жеңіске жетті. Мұнайлы ауданынан келген Шолтаев Ғалымжан үшінші орынға ие болды, - дейді Маңғыстау облыстық Қазақ күресі федерациясының атқаруышы директоры Қабыл Бисенқұлы.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ақтауда көпфункционалды спорт сарайының іргетасы қаланды«Қазақстан барысы» республикалық турниріне Ержанов Күнәлем мен Мейрамбек Жаңабай қатысады. Ертең олар Алматы қаласына аттанып, дайындық жұмыстарына кіріспек. Бейнетүсірілімдер жасалып, допинг тексеруден өтеді. 1 шілде күні Елордада «Қазақстан барысы» атағы үшін облыс атынан сайысқа түспек.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА Суретті ұсынған Қабыл БИСЕНҚҰЛЫ