©
Маңғыстау мұнайының бастау алғанына – 55 жыл және «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының 50 жылдығы шеңберіндегі шаралар игі іспен жалғасын тапты. Жуырда «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жанынан құрылған Жас мамандар кеңесінің ұйымдастыруымен өткен «Донор-50» акциясына ұжым біркісідей атсалысты.
«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының бас ғимаратында өткен акцияға қатысушылар жастар бастамасын қолдап, белсенділік танытты. – Адам болғаннан кейін мұқтаж жандарға көмек қолын созу – азаматтық міндетіміз. Бір тамшы қанның өзі адам өмірін құтқарып қала алады. Сондай-ақ қанның жаңаруына, жүрек қан тамыры жүйесі мен ішкі органдар жұмысының жақсаруына әсер етеді. Қауіп деген аяқ астында. Көмек қолын созу – кісіліктің белгісі. Біз өзгенің өміріне бейжай қарамайтын адамдарды қан тапсыруға шақырамыз» - деді ұйымдастырушы жастар. Қан тапсырып, өзгеге көмек қолы созылған акция аясында 35 донордан 12 литрге жуық қан жиналды.
Фарида МҰҢАЛҚЫЗЫ