Кеше фристайлшы Юлия Галышева ел қоржынына алғашқы қола медальды салды. Соның нәтижесінде Қазақстан Пхенчхан Олимпиадасында медаль алған 13 мемлекеттің тізіміне енді.
Қазіргі көрсеткіш бойынша, көш басында Германия құрамасы келеді. Олардың еншісінде 3 алтын, 1 қола медаль бар. Екінші сатыда - Нидерланды елінің спортшылары. Олардың қоржынында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль болса, үздік үштікті АҚШ түйіндеп тұр. Оларда 2 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлде бар.
Ал Қазақстан медальдық кестеде әзірге 13-орында тұр. Бұл сатыда бір қола еншілеген Италия елі де бар.
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="48109,48111,48110"]Байрақты бәсекеге 92 елдің спортшылары қатысуда. Олар спорттың 15 түрінен 102 медаль жиынтығын сарапқа салады.
Қазақстаннан 46 спортшы 57 жолдама жеңіп алған болатын: биатлоннан - 10, мәнерлеп сырғанау - 3, шорт-трек - 12, конькимен сырғанау - 12, шаңғы жарысы - 7, фристайл-могул - 4, фристайл-акробатика - 5, тау шаңғы спорты - 2, трамплиннен секіру - 1, шаңғы спорты - 1.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА