• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 8 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Туған өлке тарихын толғаған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    Көрікті үй – қала ажарын ашады

    [ 2017 ] 25 тамыз, 06:00  |  Жаңалықтар

    Қалалық әкімдікке болған баспасөз мәслихатында «Өзіңнен баста» қалалық  байқауының өткізілуі тәртібі, мақсат, міндеті жайында сөз болды. Бұл жайында Ақтау қалалық мәслихаты хатшысы, байқауды өткізу жөніндегі комиссия төрағасы Марат Молдағұлов, Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы басшысы Руслан Жүкенов әңгімеледі.

    Тұрған мекен–жайымыздың айналасы жасыл желекке бөленіп, тазалығымен, жинақылығымен ерекшеленіп тұрса қандай жақсы! Интернетте бұл жайында әңгіме болса, өзге қалалардың ішінде Ақтауымыздың алдымен айтылып жүргені көңіл қуантады. Шынында да көше, аулаларымыздың, пәтер айналасының таза болуы әркімнің жауапкершілігіне байланысты. Бұл ретте, тұрғын үй алдына гүлдер егіп, әсем талдар отырғызып, құлпыртып қойған, өзі тұратын үйге ғана емес, шағын ауданның жай-күйіне алаңдайтын, теректерге уақтылы су құйылмай қалса тиісті мекемелер басшыларына хабарлап, тыныш жата алмайтын тұрғындарымызды мақтан етуіміз керек. Олардың есімдерін көпшілік білуге тиіс.

    -Өткізгелі отырған байқаудың мақсаты -қаланың сәулеттік келбетін жақсарту, шағын аудандар мен үйлердің энергия үнемдеуі, санитарлық жағдайы, абаттандырылуы мен көгалдандырылуын бақылау, сондай-ақ,  пәтер иелері кооперативтерінің ортақ мүліктерін сақтау және күтіп ұстау бойынша бастамаларын қолдау және дамыту,-дейді «Өзіңнен баста» қалалық байқауын  өткізу жөніндегі комиссия төрағасы Марат Николайұлы.

    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жетілдіру, ортақ мүлікті күтіп ұстау және аумақты абаттандыру мәселелері бойынша тұрғын үйді пайдалану ұйымдары мен коммуналдық мекемелердің, қала тұрғындарының, бизнес өкілдрінің және де барлық мүдделі тараптардың іс тәжірибесі мен ұсыныстарын саралау, ортақ мүлікті сақтау мен қорғауды, көгалдандыру, абаттандыру және электр энергиясын үнемдеу бойынша бастамаларды насихаттау, тұрғын үй жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша технологияларды енгізу, тәуір  жабдықталған кіреберіс,  жайлы үй, ең жақсы абаттандырылған және көгалдандырылған  аумақты, сонымен қатар үздік пәтер иелері кооперативін немесе басқарушы компанияларды анықтау байқаудың міндеті болмақ.

    Байқаудың жұмысшы органы ретінде Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі белгіленіп отыр. Комиссия құрамына «Нұр Отан» партиясы  Ақтау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, қала әкімдігі, коммуналдық мекемелер, қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері кіреді.

    Байқау «Үздік кірберіс», «Үздік үй» номинациялары бойынша өтеді. «Үздік кіреберіс» номинациясы бойынша кіреберістің алды және іші, «Үздік үй» номинациясы бойынша көппәтерлі тұрғын үйге қатысты барлық ортақ мүлік, үйдің  инженерлік желілер мен тиісті және қосалқы жер учаскелері толығымен қамтылуы тиіс. Байқауға пәтер иелері кооперативтері , басқарушы компанияниялар  немесе тұрғындар атынан ынталы топ қатыса алады. Ынта білдірушілер  өтініш пен қажетті ақпаратты байқау комиссиясына тапсыруы керек.

    -Ай сайын коммуналдық қызмет ақысын төлеумен шектелуге болмайды. Әркім өзі тұратын пәтер алаңы, үйдің, кондоминиум нысанына қатысты жалпы мүліктің тазалығына, ұқыпты сақталуына, бүлінбеуіне жауапты болса, шығынның үнемделуіне мүдделілік танытса, осы арқылы балаларына өнеге көрсетсе дейміз. Конденционердің босқа тамып жатқан суын гүлге, өсімдікке құйып , көгалдандыруға әрі үнемдеуге үлес қосып жүргендер де бар. Жасыл энергияны пайдаланушыларымызды неге үлгі етпеске! Осындай оңды істерді көрсетуді, насихаттауды мақсат етіп отырмыз, -дейді Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы басшысы Руслан Әшірбекұлы.

    Құжаттарды қабылдау 21 тамыздан 15 –қыркүйекке дейін жүреді. Байқау құжаттары Ақтау қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы бөлімі, 403 кабинетте қабылданады. Байқау қорытындысы 22 қыркүйек» Қала күні» мерекесі қарсаңында шығарылады.

    Тағы оқыңыздар: Ақтауда «Үздік үй» байқауы басталды

    Байқауға қысқа мерзімнің белгіленіп отырғандығының өзіндік себебі де бар. Жарты жыл, бірнеше ай мерзімге созылса  ақшалы, мүмкіндігі мол қатысушылар жолдан қосылып, үйдің айналасын жарқыратып қоюы да мүмкін. Ал мұндай жағдайда бірнеше жылдан бері, тұрақты жұмыс жасап, пәтер алдын, үй маңы алаңын жайнатып қойған қарапайым жандардың еңбегі еленбей қалады. «Өзіңнен баста» қалалық байқауын өткізу жөніндегі комиссия төрағасы Марат Молдағұлов « осындай келеңсіздіктер, әділетсіздіктер  болмас үшін қысқа мерзім белгіленді» деп түсіндірді.

    Бақ сынап көрейік, ендеше!

                                                                           Болат ҮМБЕТОВ

    967
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар қоғам маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Жаңа оқу жылына дайынбыз

    Келесі жаңалық

    Ақтауда баласы ДЦП-ға шалдыққан аналарға массаж жасау үйретілді

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

      [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
      2686

      Шешімін таппаған салық мәселелері

      [ 2019 ] 18 қазан, 06:36
      2659

      Маңғыстау туу көрсеткіші бойынша республикада көш бастап тұр

      [ 2019 ] 30 желтоқсан, 16:50
      4424

      Каспий итбалықтарын зерттеу және оңалту орталығы еріктілерді іздейді

      [ 2019 ] 5 желтоқсан, 09:23
      2468

      2020 жылдан бастап Минск - Ақтау әуе рейсі іске қосылады

      [ 2019 ] 3 желтоқсан, 10:32
      1968

      Ел шебін күзету-ерекше міндет (ФОТО)

      [ 2017 ] 21 шілде, 06:02
      3139

      Рубрикалар

        РедакцияРедакция туралыАнықтама бюросыМаңғыстауҚазақстан жаңалықтарыЖастар бетіМәселеӘдебиетРедакция газеттері

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3229

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2983

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2822

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3280

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      3091

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      3065

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»