©
«Барс Трейд Ойл» кәсіпорнының Кубогі үшін ойналған мини-футбол турнирі ерекше қызықты өтті. Алғаш рет турнирде бұған дейін марапатқа ілініп көрмеген «Спартак» командасы жеңіске жетіп отыр. Ардагерлер қатысқан 10-мерейтой турнирі Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналды. «Шеллси», «Спартак», «Каспий», «Барс Ойл» және тағы сол сияқты командалар жыл сайын сәуір-мамыр айларында осы мини-футбол турнирінде тұрақты ойнап келеді.
- Соңғы 10 жылдағы турнирлердің әрқайсысының өз қызығы болды. Командалар ауысып отырған жоқ, әлбетте жаңа командалар қосылды. Еш команда турнирді тастап кетпеді. Ойыншылар осы жылдар ішінде бір-бірін тәжірибеде тани түсті. Дегенмен, әр жыл сайын ойын алаңында кездесу алғашқыдағыдай қобалжумен өтеді. Тіпті, жеңістің кімге тиетінін болжау қиын, - дейді турнирдің ұйымдастырушысы, әрі «Барс ойл» командасының ойыншысы Нұркен Төлеуов.
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН