Қаладағы ең алғашқы балабақшаның 55 жылдық мерейтойы «Тойбастар» күйімен ашылып, ұлттық сәнді киім киген алты бойжеткен мың бұрала биеп, қонақтарға ата салтымен шашу шашылды.
Алғашқы құттықтау сөзді «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы балабақша» басшысы Шәмшгүл Раисова алып, 55 жылдық атаулы мерекесін тойлап отырған ұжымда әр жылдары Нина Петровна, Надежда Алексеевна, Татьяна Александровна, Галина Михайловна, Жеңіс Дәулетқалиқызы секілді мамандардың жемісті еңбек еткенін айтып өтті.
Мерекелік шараға облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығының басшысы Айгүл Бүркітбайқызы мен оның орынбасары Сұлу Жайбергенқызы қатып, №1 арнайы балабақшаның алғашқы директоры бұл күнде марқұм болған Е.Тер-Нессованың рухына бір минут үнсіздік жарияланды.
Бұдан соң балабақша тарихына шегініс жасалып, көрермендерге Қайнарбаевтар отбасында дүниеге келген Жансеріктің алғаш рет балабақшаға баруы туралы көрініс көрсетті.
Балабақша тәрбиеленушілері мен қызметкерлері әндер айтып, би билеп мерекені көңілді өткізуге атсалысты.
Шараға қатысқан ата-аналар ұжым басшысына түрлі ескерткіш сыйлықтар табыс етіп, алғыс білдірді.
Үміт ЖӘЛЕКЕ