©
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Ақтау қаласының ардақты ақсақалдарымен кездесті. Кездесу барысында аймақ басшысы ардагерлер қауымын Амал мейрамымен құттықтап, қазыналы қарттардың қоғамда үлкен беделге ие екендігін атап өтті.
- Қасиетті де киелі өлкеге Елбасының шешімімен, депутаттардың қолдауымен келіп жатырмын. Баршаңызды ұлық мереке-Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Тәуелсіздіктен, бірліктен асқан ешқандай қасиетті дүние жоқ. Бірлігі бар елдің ғана іргесі мықты болады, туы әрдайым желбіреп тұрады, - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
Қай заманда болмасын елдің ағасы болған, елі құрмет тұтқан ақсақалдарымыздың еңбегі кейінгі буынға үлгі, ақыл-кеңесі құнды. Сондықтан өңір басшысы береке мен бірліктің ырыс болатынын айтып, ақсақалдар мен басшылар арасындағы байланыс байыпты түрде жалғаса беретініне сенім білдірді.
Кездесу соңында қаламыздың құрметті ақсақалдары облыс әкімінің жаңа қызметіне табыс, алдағы істеріне сәттілік тіледі.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ