©
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов бірқатар ірі өндірістік және өнеркәсіптік кәсіпорындардың, Ақтау қаласындағы әлеуметтік маңызды нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысты.
Алдымен аймақ басшысы мультимодальдық логистикалық тізбекті құрайтын, теміржол тармақтары арқылы Ақтаумен байланысқан «Хоргос – Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ порт болып табылатын «Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы» нысанымен танысты. Қазіргі уақытта «АТСТ» ЖШС жылына 3 млн. тоннаға дейін құрғақ жүкті ауыстырып тиейтін мүмкіндігі бар заманауи көпбағытты терминал. Дәнді дақылдарды ауыстырып тиеу көлемі жылына 1,5 млн. тоннаны, негізгі жүктің көлемі – жылына 640 мың тонна металды, басқа да жүктер – жылына 620 мың тоннаны, контейнерлер (TEU) жылына 240 мың тоннаны құрайды.
Содан кейін Ералы Тоғжанов инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдай жасау бойынша «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының жұмысымен танысты. Бүгін де «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында 30 қатысушы тіркеліп, оның 14 жобасы қолданыста. Осы жылы тағы да 3 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Өткен жылы №3 субаймақтың аумағында «Азерсун» өндіріс және логистика орталығының құрылысы аяқталған болатын.
Келесі нысандар, 33 шағынауданда орналасқан «Маңғыстау-Арена» спорт кешені, химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі болды.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ