Мұғалімнің міндеті Құдайдың құтты күні Қағаз жазу, есеп беру, Жайылып жастық, Иіліп төсек болу. Зал толтыру – жиын болса... Көнесің енді қиын болса?!. Көрсетпей бөтен характір, Науқанға барлық жарап тұр – Мұғалімге – талап бұл!.. Содан кейін сабақ тұр... «Алып бердім айфонын...» – Жоқ та болса қайтемін, Қатарынан кем болып Жүрмесін деп қамкөңіл, Несиеге кіріп тағы Алып бердім айфонын!.. – Деп анасы көршісіне Айтып мұңын төгіп жатыр. ...Ал, баласы оңашада, Қарқ болып «тамашаға» Эротика көріп жатыр!.. «Берсе – ала берсем!..» Ақшасызды кім еледі?.. Бәрі ақшаға тіреледі!.. Пара бермей, бара берсем, «Жоқ» деп айтып шіренеді... Берсең – күліп, түрі енеді, Кедергілер – күреледі! Бес ай күткен қағазға ол Бір минутта қолды қойып: «Айналайын, міне!», - деді. ххх Парақорың қара көрсе, Дейді: «Берсе – ала берсем!..» ...Жалмауызы тоймайды екен, Пара алуын қоймайды екен!.. «Аямау керек ақшаны!..» «Жемқорлықты кім жеңеді?» Деген байқау өткізейік! Біздер де қосып ақылымызды, Бас жүлде алған батырымыздың Жобасын елге жеткізейік!», - Деп Басекең бастады. Ойына кірмес басқаның Бір ұсыныс тастады. Жұртшылық қолдап шу етті: «Қоя тұрайық басқаны, Таңдайық нағыз жас дарын – Тамаша мұндай жобадан Аямау керек ақшаны!..» Сонымен байқау өтетін болды, Шығынына 20 миллион Арқайын жететін болды. Комиссияға Басекеңнің өзі Төрағалық ететін болды.
ххх
...Байқаудағы талайлардың Болып шықты таласы бекер. Бас жүлдені жеңіп алған Басекеңнің баласы екен!..