Жоспарға сай жылыжай кешендерінің алаңын 7 гектарға (Ақтау – 1,7 га, Жаңаөзен – 1 га, Бейнеу - 0,22 га, Қарақия - 1 га, Маңғыстау – 1,1 га, Мұнайлы -1,1 га, Түпқараған – 1 га) кеңейту бойынша тиісті жұмыстарын Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы қалалық, аудандық әкімдіктермен бірлесе жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жылыжай алаңдарын кеңейту бойынша жыл соңына дейін көлемі 7,6 га құрайтын 33 жылыжайды іске асыру жоспарланған. Оның ішінде 5,1 га көлемді құрайтын 26 жылыжай іске қосылып, 2,43 га көлемді құрайтын 7 жылыжайдың құрылысы жүріп жатыр. Жобалардың құны 1,2 млрд теңгені құрайды. Шамамен 182 жұмыс орны ашылмақ.