Ақтауда полиция қарулы топты ұстады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақтау қаласының 1 шағын ауданы жағалауында үш автокөлікте болған топ ұсталған. Қарулы топ 8 желтоқсанда Маңғыстау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы бөлімінің және арнайы жедел әрекет ету отрядының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында құрықталған. Ұсталғандардан үш мылтық, төрт травматикалық тапанша және оқ-дәрілер табылған.
Осы факті бойынша Ақтау қалалық полиция бөлімі Қылмыстық кодексінің 287-бабы, 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Қазіргі уақытта сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр, - дейді Маңғыстау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекбол Қорғанбаев.