Қазіргі уақытта орта дәрежелі жағдайда 63, жағдайы ауыр халде 8, өте ауыр халде 3 науқас бар, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Маңғыстауда 9 желтоқсандағы жағдайға сәйкес I-II деңгейлі инфекциялық стационарларда 74 адам ем қабылдап жатыр. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сол 74 науқастың ішінде 19-ында коронавирусқа тапсырған сынама оң нәтиже көрсеткен. Стационардағы науқастардың ауруына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп болып отыр.
Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 18 пайызды құрайды. Облыс көлемінде 412 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ, реанимациялық төсек саны 54.
Шетелден анықтамасыз келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған карантиндік стационарларда барлығы 270 төсек орын бар.