Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Індеттің алдын алу мақсатында Бас санитарлық дәрігердің Қаулысына сәйкес әкімдік қызметкерлері және жергілікті полиция өкілімен бірлескен топ қаладағы бірнеше нысанға кезекті мониторинг жұмыстарын жүргізді. Сейсенбі күні өткен мониторинг барысында қаладағы 5 шағынауданда орналасқан “R12” түнгі клубының жұмыс істеп тұрғаны анықталды, делінген хабарламада.
Маңғыстау облыстық Бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 21 қазан күнгі № 42 Қаулысындағы кафелер мен мейрамханаларға сағат 22.00-ге дейін ғана қызмет етуге рұқсат делінген ережені сақтамады. Нысан иелерінен түсініктеме алынды. Сонымен қатар, санитарлық тазалықтың сақталуы да қаралды.