"Сбербанк" АҚ өкілдері қарақшылық шабуылға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Банктегілер 3 желтоқсан күні кешкі уақытта "Сбербанк" бөлімшесінің маңында инкассатор машинасына шабуыл жасалғанын растады.
"Сбербанк" клиенттерінің ақшасы толық мөлшерде сақтаулы. Алдын ала мәліметіміз бойынша, шабуыл салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. "Сбербанк" жасалған қылмыстың мән-жайы тез арада анықталып, кінәлілер жазаланатынына сенім білдіреді", - деп хабарлады Tengrinews.kz сайты "Сбербанк" АҚ өкілдеріне сілтеме жасай отырып.
Айта кетейік, кеше Жаңаөзенде кешкі уақытта инкассаторға шабуыл жасалғанын хабарлаған болатынбыз.