Полиция департаменті Жаңаөзендегі инкассаторлық көлікке жасалған қарақшылық шабуылға қатысты күдіктілерді іздеп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Жаңаөзен қаласының барлық жолдары қатаң бақылауда, күшейтілген патрульдік полиция қаланы және оның айналасын бақылап тұр. Бейнебақылау камерасына инкассатордың көлігіне шабуыл жасалған сәт пен және күдіктілердің ақ түсті көлікке отырғаны түсіп қалған. Маңғыстау облысы бойынша полиция департаментінің және Жаңаөзен қаласының полиция басқармасы шабуыл жасаған күдіктілерді ұстауға жұмылдырылды, - деді полиция департаментінде.
Бұдан бұрын Жаңаөзен қаласында инкассатор көлігіне шабуыл жасалғанын және "Сбербанк" АҚ мәлімдемесін жариялаған едік.