Жаңаөзенде кеше кешкі уақытта инкассаторға шабуыл жасалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Кейбір дереккөздің мәліметінше, Жаңаөзенде 3 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 18:40-та "Көктем" шағынауданында орналасқан "Сбербанк Қазақстан" АҚ еншілес банкінің №2 бөлімшесінде инкассация кезінде төрт қылмыскер инкассатор көлігіне пышақпен шабуыл жасады. Қылмыскерлер жалпы сомасы 62 532 542 теңге, 19 696 доллар, 495 450 ресей рублі салынған үш қап пен Kaspi мультикассетасын алып кеткен. Инкассатор жүргізуші шабуыл жасаған ақ Nexia көлігіне бес рет оқ атқан. Жаңаөзен қаласының полиция басқармасы "Ұстау" жоспарын жариялады", - делінген Ербол Еділовтің телеграм парақшасында.
Оқиғаға байланысты және қанша ақша ұрланғаны туралы құзырлы орган әзірге ресми ақпарат бермеді. Полиция департаменті ақпараттың анық-қанығын сәлден кейін хабарлайтынын жеткізді.