Осы уақытқа дейін жүргізілген рейд нәтижесінде 285 кәсіпкерлік нысанда карантин талаптарын бұзушылықтар анықталған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Аймақта 23 мониторингтік топ бар. Олар облыстың бас санитар дәрігері Ғазиз Надуевтың қаулысын негізге алып, нысандардағы карантин талаптарының сақталуы мен ережелердің орындалуын тексереді.
Маңғыстау облысының Бас санитар дәрігері Ғазиз Надуевтың айтуынша, бұзушылық анықталған 285 нысанға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 58 нысанға арнайы тексеру жүргізілді. Қорытындысы бойынша 116 әкімшілік хаттама (13 431 638 тг) толтырған.
Еске сала кетейік, 17 тамыздан бастап кәсіпкерлік нысандардың кезең-кезеңімен ашылған болатын. Қазіргі таңда 5 708 нысан жұмыс істеп жатыр. Ал инфоқазақстан жүйесі бойынша 4 730 электронды хабарлама және 978 жазбаша арыз келіп түскен. 4 730 хабарламаның барлығы қанағаттандырылды, ал жазбаша түскен арыздың тек 125-і қаралған.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА