Бұл туралы Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Асхат Құлтанов мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оның айтуынша, былтыр жабылған №104 автобусы 8 қазаннан бастап қайта Ақтаудан Атамекенге қатынайды. Қоғамдық көлік таңғы 7:30-ден бастап кешкі 19:30 аралығына дейін жүреді.
Бастапқы аялдама - Мұнайлы ауданы Атамекен ауылы. Соңғы аялдама - Ақтау қаласы 34 а ш/а орналасқан «Ана мен бала орталығы».
Сұрақтар бойынша байланыс нөмірі: 8 (775) 330-66-95