Маңғыстауда арнайы мониторнгтік топ рейд барысында жасырын той жасағандарды анықтады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Тәртіп сақшылары тойды дереу тоқтатып, қонақтарды үйіне қайтарды. Рейдтік шаралар жалғасып жатыр. Ақтау қалалық полиция басқармасы уческелік полиция инспекторлары бөлімшесінің бастығы Еркін Елеусізовтің айтуынша, 128 құқық бұзушылық анықталып, ереже бұзғандар тиісті жауапкершілікке тартылған.