12 тамыз Халықаралық Каспий күні қарсаңында Ақтау қаласының орталық көшелеріне табиғатқа жанашырлықпен қарауға шақыратын билбордтар іліне бастады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қазақстан, Иран, Түркменстан, Ресей, Әзербайжан елдері бұл күнді асыға күтеді. 2003 жылы Тегеранда аталған 5 мемлекет Каcпий теңізінің қоршаған ортасын қорғау жөніндегі Рама конвенциясына қол қойған болатын. Құжат 2006 жылы 12 тамызда ресми түрде бекітілді.
Ал 2008 жылы Иран Ислам Республикасында алғаш рет халықаралық Каспий күні аталып өтті. Содан бері бұл күнді Каспий күні деп атайды. Бес мемлекеттің жауапты өкілдері тұрақты түрде бас қосып, теңізге қатысты мәселелерді өзекті бірлесіп талқылайды.