7 тамызда Шетпеде шамамен 23:30-да учаскелік полиция инспекторлары карантин режимін бұзу фактісін анықтады. Шетпедегі үйлердің бірінде 30-ға жуық адам жиналған үйлену тойы өткен.
Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабы негізінде әкімшілік хаттама толтырылды.
Материал Маңғыстау облысы бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жіберілді. Тәртіп сақшылары азаматтарды карантин режимін бұзбауға, шектеу шараларын қатаң сақтауға шақырады.