Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай Абай күні қарсаңында теңіз жағалауында ұлы ақынның бейнесі мен шығармалары граффити үлгіде жарға бейнеленді. Бұл - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы мен Жас “Jas Otan” жастар қанаты Маңғыстау облысы бойынша филиалының қала тұрғындарына тартуы.
“Қазақтың бас ақынының бейнесі мен шығармаларынан үзінділер бейнеленген теңіз жағалауы ойлы жастардың бас қосатын орнына айналатыны сөзсіз. Теңіз жағасында серуендеуге келген әрбір тұрғын ақын шығармашылығымен танысып, рухани демалады деген сенімдеміз”, - дейді, облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Абылай Фазылбек.
Еске сала кетейік, ҚР Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз Абай күні деп белгіленіп, ресми мерекелер қатарына енген болатын.