Маңғыстау облысында қалыптасқан жағдайға байланысты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» РМК 2020 жылғы 5-6 тамызда Маңғыстау облысында найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауғанын хабарлайды.
«Тәулік ішінде түскен жауын-шашын мөлшері: 2020 жылғы 5 тамызда Форт-Шевченко метеостанциясында – 23 мм құрады, бір айдағы норма 7 мм. 6 тамызға қараған түні Ақтау қаласында найзағай ойнап, қатты нөсер салдарынан 66 мм жауын-шашын мөлшері түсті, ал бір айдағы норма 6 мм», делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сонымен бірге «Қазгидромет» бүгін облыста және Ақтау қаласы бойынша күтілетін мол жауын-шашын, найзағай және дауылды жел жөнінде ескертті.