Карантин енгізілгеннен бері Маңғыстау полицейлері шектеу шараларын бұзу фактілерін анықтау бойынша рейдтер жүргізуде, – деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
3 тамыз сағат 20.00-де осындай іс-шаралар барысында Маңғыстау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының жедел қызметкерлері Ақтау қаласының 29 шағын ауданында жұмыс жасап тұрған “Арай” саунасын анықтады. Полиция қызметкерлері мекеме иесін жауапқа тартты.
ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Материал Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жіберілді.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев барлық азаматтарды карантин ережелерін бұзбауға, шектеу шараларын сақтауға шақырады.