Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ақтау қалалық сотында К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықталғандай, К. Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысына сәйкес көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, өзіне тиесілі «Nissan Primera» автокөлігін масаң күйде басқарып жүрген кезде полиция қызметкерлеріне ұсталған, делінген хабарламада.
Ақтау қалалық сотының үкімімен К. ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, есірткілік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) кінәлі деп танылып, ол өмір бойына көлік құралын жүргізу құқығынан айырылып, оған 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.