Ақтаулық оқушы көркем гимнастикадан "Future Hopes Venera Cup 2020" Халықаралық онлайн жарысында II-ші орынға ие болды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Бақыт-Ақтау" ЖШС жеке мектебінің 2 сынып оқушысы Силина Елизавета "Future Hopes Venera Cup 2020" Халықаралық онлайн жарысында II- ші орынға ие болды. Елизавета - оқу үздігі. 6 жастан бастап көркем гимнастикамен айналысады. Мектеп пен сынып өміріне белсенді араласып, түрлі шараларға қатысады. Елизаветаның жаттықтырушысы - Минчинко Ольга Николаевна. Елизавета 2019 жылы Бакуде өткен "GymKids CUP" Халықаралық жарыстарына қатысып, 2 орынға ие болды, сонымен қатар Second International Online rhythmic Gymnastics Tournament онлайн жарыстарына қатысқан.Осы Халықаралық онлайн жарыста Елизавета Қазақстан атынан қатысқан жалғыз өкіл болды.
Жалпы басшылықты және жарысты өткізуді Кеңес спортының аңызы, көркем гимнастикадан КСРО-ның бес дүркін чемпионы Венера Зиннуровна Зарипова-Леви жүзеге асырады.