Биыл Қарақия ауданында 18 шаруа қожалық 120 гектар жерге егін еккен. Оның 41 гектары көкөніс болса, 79 гектар жерге бақша дақылдары егілген. Бұл туралы Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрхан Батыров мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қазіргі таңда аудан бойынша 588 шаруа қожалығы тіркелсе, оның 41-і егін шаруашылығы. Сонымен бірге «Сенек» ЖШС қосқанда барлығы 16 жылыжай жұмыс істеп тұр.
«Биыл жартыжылдықта ветеринариялық шараларды жүзеге асыру арқылы 197 бас мүйізді ірі қара, 1 109 бас түйе, 6 089 бас ұсақ мал сырғаланды. 958 бас жылқы малы чиптелді. Індетті ауруларға қарсы алдын-алу шаралары жоспар бойынша орындалып жатыр. Қазіргі таңда аудан індетті аурулардан таза», - дейді Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысының міндетін атқарушы Н.Батыров.