Маңғыстау облысына арнайы сапармен саяхаттап келген нидерландтық турист Кирстин Твенте Ақтау қаласы жайлы пікірімен бөлісті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, нидерландтық турист Кирстин Твенте отбасымен бірге бірнеше елге саяхаттаған. Атап айтқанда, Түркия, Грузия, Армения, Иран және Түркіменстан елінде болған. Ол Маңғыстаудың ерекше табиғатын тамашалап, өз әсерімен бөлісті. Енді Өзбекстан еліне баруды жоспарлап отыр.
- Біз Ақтаудан шамамен 20 шақырым жерде Каспий теңізінің жағалауында болдық. Мұнда өте таза. Адамдар мейірімді. Бізге теңіз жағалауындағы атмосфера ұнайды. Кешке қарай бұл жерде көп адамдар жиналады екен. Жақсы демалдық. Бізге қатты ұнады. Маңғыстаудың ерекше табиғатын тамашаладық. Өте әдемі, қайтадан келуді жоспарлап отырмыз, - деді нидерландтық турист Кирстин Твенте.