Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен жастарға арналған «Нашақорлық - қоғам дерті» атты семинар-тренинг өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тренингке «Біз спорт үшін есірткіге қарсымыз» қоғамдық қорының жетекшісі Роман Оразымбетов, гір тасын көтеруден спорт шебері Рухани Мұстафа, прокурор Нұржан Әбетов, коуч Ерлан Қалиев және қала жастары қатысты. Шара барысында есірткінің зияны мен салдары, салауатты өмір салтын сақтаудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Жастар мамандарға сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.
- Шараның мақсаты – зиянды әрекеттердің алдын алу, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Семинар-тренингте практика жүзінде бірнеше тақырыптар қозғалды. Жастарға нашақорлықтың тек бір адамға емес, қоғамға тигізетін зардабы түсіндірілді, - деді Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының өкілдері.