Ақтауда комиссия мүшелері заңсыз сауда орындарына мониторинг жүргізді. Мониторинг 14-шағын аудан №9 үйдің артында заңсыз сауда орны алынып тасталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме беріп.
Шараға Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі қатысты. Қала әкімдігіне 14-шағын аудан №9 үйдің артындағы сауда нысанына қатысты тұрғындардан арыз түскен болатын. Соның негізінде кәсіпкерге бірнеше рет ескерту түріндегі хабарлама жіберілген. Алайда кәсіпкер хабарламаны елемей, заңсыз нысанды алмаған.
-Қала әкімдігінің өкімімен заңсыз сауда орындарына мониторинг жүргізетін арнайы комиссия құрылды. 14шағын аудан №9 үйдің артында кәсіпкерге заңсыз сауда орнын алып тастау жөнінде бірнеше рет хабарлама жіберілді. Ескертуді қаперіне алмаған кәсіпкердің заңсыз сауда орны алынып тасталды. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады, - деді Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Оспан Нысан.